Топтық көрме тағамның антропологиясы мен саясатына арналды. Жоба аясында тағамның әлеуметтік қыры, жаһандық жеткізу тізбектері мен әлемдік сауда, еңбектің жаһандық бөлінісі және ірі ұйымдық құрылымдардың жүйесі қарастырылды.
Кураторлық тұжырымдамаға сәйкес, кешкі асқа қандай тағам таңдау - белгілі бір азық-түлік өндіру және жеткізу жүйесінің пайдасына жасалған таңдау. Осылайша күнделікті тұрмыстық таңдау этикалық мәнге ие болады.
"Шыбындар - осы әлемдегі маңызды үдерістерді байланыстыратын ерекше тіршілік иелері, рухтар. Олар аяқтарымен ерекше заттарды ұнтақтап, тағам, нәжіс және өлекселер арасында қозғала отырып, тіршілік циклін тұйықтайды"
"Көрме тағамның антропологиясы мен саясатына арналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспозицияның негізгі идеясы - тағамнан оның әлеуметтік қырын көру"