ҚОРҚЫНЫШТЫ ЕРТЕГІЛЕР
YEMAA Заманауи мәдениет орталығы. 2022
«Қорқынышты ертегілер» жобасы - суретшілер мен кураторлардың бірлескен авторлығымен жасалған медитативті кеңістік.


Көрме қатысушылары:
Дария Коконья, Сырлыбек Бекботаев, Мансур Смағамбетов.
Біздің бұл жобамен жұмыс істеп келе жатқанымызға екі жылдан астам уақыт болды. Оған әрқайсымыз әр кезеңде әртүрлі жолдармен келдік. Пандемия мен қаңтар оқиғалары оның жүзеге асуын жеделдетті.

«Қорқынышты ертегілер» күнделікті өмірдің қалыпты құрылымының бұзылуына, соның салдарынан бұрынғы мағыналар мен себеп-салдарлық байланыстардың жойылуына жауап ретінде ойластырылып, жүзеге асырылды. Ең бастысы - университеттерде, мектептерде, интернетте, форумдарда, әлеуметтік желілерде және басқа да ортада жылдар бойы жинақтаған әлем мен мәдениет туралы біліміміздің құнсыздануына жауап іздеу болды.

Біз жаңа, аса жоғары алаңдаушылық жағдайында өмір сүре бастадық: оқиғалар өте жылдам өрбіп, жағдайлар лезде әрі күтпеген жерден өзгерді. Бұл өзгерістер адамның қалыпты бейімделу мүмкіндіктерінен асып түсті. Сондықтан болып жатқан оқиғаларға мағына беріп үлгермедік. Әлем бірде көбейіп, бірде ыдырап, қайтадан жаңа пішінде қалыптасып отырды.

Енді осы аласапыраннан кейінгі үзілісті пайдаланып, кез келген әлеуметтік, мәдени немесе климаттық жағдайда өзектілігін сақтай алатын абсолютті білімді табу мүмкіндігін зерттеп жатырмыз.
Ойдың әртүрлі бағыттарының жетістіктеріне жүгіне отырып, мұндай зерттеудің жолы сыртқа емес, адамның ішкі әлеміне бағытталатынын түсіндік.

Сондықтан «Қорқынышты ертегілер» - барлық болашақ әлемдер туралы абсолютті білімге ұмтыла отырып, ішкі әлемге саяхатқа шығатын бастапқы нүкте.

Басқа мақалалар
Атыраудағы YEMAA заманауи мәдениет орталығының алғашқы топтық заманауи өнер көрмесі.
Топтық көрме тағамның антропологиясы мен саясатына арналды.
asel@amafoundation.kz
malika@amafoundation.kz
instagram
whatsapp
2022-2026